Абдырап қалды, есінен айрылып қалды, дегбірі қашты. ~ Тілеу аяңға көшті. Жүрегінің атша тулап тұрғанын енді барып аңғарды. Жолын кес- кестеп келеке қып келе жатқан ербең көлеңке де жүрісінен жаңылып қалтақтай береді. Кемпірі қуып жетіп қолындағы түйіншекке жармасты. Ә.Кек. ~ Бұрындары баста тұрмас баянсыз уақытпен бірге жылжып, жел қуған бұлттай ауып кете беретін қиындық осы жолы жүрісінен жаңылды… Не болғанын, бар салмағымен батпандап басында қалды… С.Нұғ. ~ Ондай жаман әдетім жоқ, тек сұлу көрсем жүрісімнен жаңылып қалатыным рас. Танысуды да тарс есімнен шығарыппын-ау! Кешірерсіз, есіміңіз кім? Д.Рам. ~ Жұрттың сұқ көзі ылғи маған қадалатын сияқты, кейбір әйелдердің соңымнан сыбырласып қалып жатқандарын көріп, кірерге тесік таппай, жүрісімнен жаңылам. Т.Ахт. ~ Жаһанды жүрісінен жаңылтқан коронавирусқа бей-жай қарамайық, ағайын! БАҚ.
