Соққыға жықты, төмпештеп ұрды. ~ Ол Кингті жұдырықтың астына алды, ал Кинг жауап қатқан жоқ. Дж.Лонд. ~ Айтуларынша, мемлекеттік қызметкер мал бағып жүрген қос қызды балағаттап, тіпті, жұдырықтың астына алған. БАҚ. ~ Ерке қыз әдепсіз бала жігітті шапалақпен беттен тартып жіберген. Сол арада тап болған қыз ағасы Әзберген Қозбағарды жығып салып жұдырықтың астына алған. Бет-аузын даладай қан қылған. С.Елу.
