Posted in

ЖҰЛДЫЗЫ АҒЫП ТҮСТІ

Біреудің бақыты тайды д.м. ~ Айназар қалжың үнмен: — Біреудің бақыт жұлдызы ағып түскен болса, екінші біреудің бақыт жұлдызы оның орнына туған болар! — деді. С.Сей. ~ Қазақта «ақпа жұлдыз» деген бір ұғым бар. «Түнде төбеден жұлдыз ағып өтсе, қазақтар оны екі түрлі жориды: бірі-бір адам дүниеден көшті, жұлдызы ағып жерге түсті деп беттерін сипайды; екінші жағы тұрғы көк қақпасы ашылды» деп осы кезде аспанға қарап қол жайса тілегі қабыл болады дейді. Ә.Мар. ~ Тұңғиық аспаннан бір жұлдыз ағып түсті. Ошақтан ұшқан ұшқындай әлде қайда қараңғыға сіңіп жоқ болды. Бала жүрегі су ете қалды. Дүниедегі тірі пенденің бір-бір жұлдызы болады, демі таусылған күні оның жұлдызы ағып түседі дегенді естіген. Н.Сер.