Жолы сәтті болды, бағы ашылды, тасы өрге домалады. ~ Осы колхозда соңғы бес жыл ішінде Таңқыбаймен белдесетін ешкім шықпаса, бұл тек бағы жанып, жұлдызы оңынан туғанынан ғана емес шығар. О.Сәрс. ~ Найзасы аумай қолынан, Жұлдызы туып оңынан, Көк жорға атты жүгіртіп Келді жетіп соңынан. “Қыз Жібек”. ~ Әлемдегі ең сұлу қыздың өзіне бұйырғанына шүкіршілік етуі керек. Әне, жұлдызы оңынан туған жігіт деп соны айт». О.Бөк. ~ Найзасы түспей қолынан, Жұлдызы туды оңынан, Боқанға жеткен бесінде, Қараманның шұбалтып, Және жетті соңынан. А.Байт. (“Қбоыланды б.”)
