Әбден тоздырды, тамтығын қалдырмады. ~ Оларға аяқ киім де шақ келмейді, бір маусымға жеткізбей жұлығын шығарады. С.Досж. ~ Секең кеткен соң біреу Дәукеңе «өзіңнің ақындағың одан артық болмаса кем емес, сонша неге жалпақтайсың оған» дегендей жалған жанашырлықтың жұлығын шығарды. Ақын ағамыздың онсыз да дөп-дөңгелек екі көзі қосауыз мылтықтың ұңғысына айналып жүре берсін. Беті әлем-тапырақ. С.Дәу.
