Ғажайып рахатқа батқандай болды, көңілі көншіді. ~ Асқақтаған таусыз, мұнартқан ормансыз, жұпар исі мұрнын жаратын шалғынсыз, құрағы жайқалған шалқар көлсіз, жап-жазық, сұп-сұр шел даладан, табиғаты тамаша көркем өз туған жерін көргенде, Асқар тамықтан шығып, жұмаққа кіргендей болды. С.Мұқ. ~ Алдымен, егер дүниеде қанша миллион бала бар, біреуі жыламай, бәрі қуанып жүрсе, осы дүниенің өзінде-ақ жұмақ орнар еді. Сор болғанда, көп бала жылайды. М.Байғ. ~ Көкірегін кере Ойжайлаудың жұпар иісті таза ауасын жұтып, жұмаққа кіргендей жаны жай тапқан еді. Ә.Шәр.
