Сараң, пайдакүнем, пысықай, жылпос адам туралы. ~ Ендігісін өзің білгейсің: мыңға айналдырасың ба, жоқ, тұқымын құртып, тақыр жерге отырып қаласың ба… Бірді екеу қылатын ептілігің мен жұмыртқадан жүн қырқатын жымысқы пысықайлығыңа саламын. Ш.Құм. ~ Жапсырғаны бұтына кір тәйтері Жабағы бет, жарбайған бұл қай пері? Жұмыртқадан жүн алған жырынды ма, Жынды ит қосса шіркінге қайтер еді! Қ.Ысқ.
