Posted in

ЖҰМЫРЫНА ЖҮК (ЖҰҚ, ЖҰҒЫМ) БОЛМАДЫ

Тоймады, қанағат етпеді, түк болмады. ~ Өзге тамаққа да өлердей мешкей ту қойдың етін еңсеріп тастайды, сорпаны
керсеңдеп ішеді, жуан бөлке нандар жұмырына жүк болмайды, арақты да судай сіміреді. С.Мұқ. ~ Ахан екеуміз қыз қарамаса да ішуге жарайды – ау деген соңғы көйлегімізді жеп тындық: Семейдің «Большевичка Украйнасының» инесінен шыққан жібек еді, жібегің де жұмырға жұқ болмайды екен. Қ.Ысқ. ~ Шал жылжыған жыландай уақыттың адамның жұмырына жұқ болмайтынын ойлап қамығып қалды. Қ.Түм. ~ Әбдір- ау, сен қайдағыны айтпа. Бесқонақ бір күнде бітпейді. Сонау батыс беттегі қозы- құйрықты көремісің? — Көкетай- ау, ол жабағы бұлт мына шақырайған күннің жұмырына жұқ болмайды ғой. М.Сүн. ~ Айсұлудың жеті ұлы жер-көкке сыймай, ақшаны суша сапырып, көл-көсір жұмсапты. Ақыры аяқтап келгенде әр күні бір сүйем алтын олардың жұмырына жұғым болмайтын болыпты. ҚЕ.