Әйел атаулы қызығатындай ер-жігіт туралы. ~ Өскен үйленген жігіт болса да қыз- келіншектен кет әрі емес, аузының салымы бар, арамыздағы жұпар кіндіктің бірі еді. Ә.Асқ. ~ Мақтасам, орнымен мақтап отырмын. Бозбаласында оғы жаза кетпеген жұпар кіндік еді ғой бұл кісі. Ә.Асқ. ~ — Жұпар кіндік деп ұрғашы нәсіліне аузының салымы бар еркекті айтады. Көктемгі күйі келген марал текесінің кіндігінде әтірілі без болады. Ешкілерін сол әтір иісімен шақырады екен. Д.Дос.
