Posted in

ЖҰРНАҚ ТА ЖОҚ (ҚАЛМАДЫ, ҚАЛМАҒАН)

Бұрынғы кейпін еске саларлық ештеңе қалмаған. ~ Кетерінде Ерлік қоярда-қоймай: «тапқаныңды қызыңа таси бермей, маған да тамақ жібітерлік бірдеңе тастап кет» деп жырымдап, ақша алып қалған. Кешегі мейірбан әкеден жұрнақ та жоқ. А.Үс. ~ Пай- пай десеңші, уақыт құрғыры неткен қатал еді. Баяғы қылдырықтай Сәлима қыздан жұрнақ та қалмапты… Толысқан, күнге күйіп тотыққан, ескірген. Ә.Асқ. ~ Ақын өр еді, тәкаппар еді. Көрген адамның көзі тояр сымбатты еді. Қазір содан жұрнақ та қалған жоқ. Қыры сынып болған. Қ.Жұм. ~ Көкем тағы да үн- түнсіз орнынан тұрып, әкемнің соңынан ілесе береді. Күннен- күнге қабағы қатып, кірпігі ілініп барады. Баяғы қуақы мінезі, содырлау қылығынан жұрнақ та қалмағандай. Б.Мом.