Posted in

ЖҰРТТА ҚАЛҒАН СІРІДЕЙ (ҚУ ШҮБЕРЕКТЕЙ т.т.)

Керексіз, басы артық, құны жоқ, ешкім керек қылмаған д.м. ~ Көксау мойны мықырайған, көзі бақырайған, бет-аузы жұртта қалған сірідей тырысқан, қол-аяғы шидей, бойы шүкіттей бір жарқанат еді. Ж.Айм. ~ Ілгері жүруге қорқып, Қартқожа шегініп ылдиға түсті. Өңі екенін, түсі екенін айыра алмады. Жын соққан кісідей, аузы жыбыр-жыбыр етті. Түрі жұртта қалған қу шүберектей болып, ерні кезерген. Ж.Айм. ~ Байғұстың, ешнәрсеге көңілі жар бермей, жөнді тамақ іше алмай, алмадай қызыл бетінің нұры солып, жұртта қалған қу шүберектей бозарып, өлім хәліндегі ауру адамдай ғана күйі қалды. С.Көб. ~ Терістен соққан салқын жел қойнаудан қоналқы таппаған ақ үлпек бұлттарды шопанның жұртыңда қалған жүн- жүрқаның жұрынтығындай шың басынан арлы- берлі қуалап жүр. Қ.Ысқ.