Posted in

ЖҰРТТЫҢ АУЗЫНА ІЛІКТІ

Елдің көзіне түсті, аты шықты. ~ Бір күндерде Жамал кәміл бақытты бір қыз болып жұрттың аузына ілігіп, құрбысының алды болып жарқылдап жүрген дәрежеден түсіп, ақырында мұндай қадірсіз, мұндай кемшілікке душар болып, барымтаға түскен малдай біреуден біреу алып жүргенін көрген халықтан Жамалды аямаған жан калмады. М.Дул. ~ Орал қаласының Құрманғазы атындағы музыкалық училищесін бітіріп, өнер жолын өзі туған Казталов аудандық мәдениет бөлімінен бастады. Өнерлі жігіттің есімі лезде арада ел аузына ілікті. БАҚ “Ана тілі”.