Posted in

ЖҰРТҚА (ЖАРИЯҒА) ЖАР САЛДЫ

Айғай-сүрен салып, дабыл қақты, шу көтерді. ~ Артынан шабарман шығып, “аһу” деп, жұртқа жар салып: “Қайда кетті?! Қайда кетті?!” — деп, бос қарбаласып жүгіріп жүрген кезде Бақтығұл ауылдың жанындағы кезеңді асып, жортып отырып келіп жартасты өзекке түсіп, содан тас-тастың арасына кіріп, тауға шығып, адастырып кетті. М.Әу. ~ Тізімді табайық!– деп Қожантай жұртқа жар салып еді, «бәсе керегіміз сол еді ғой, іздейік тізімді!» деп біраз кісілер алданғанмен: «тізімі құрысын, оны осында қойды деймісің, жоғалтып жібермей, болысты табайық!» деп, көпшілік тінтуге кірісті. С.Мұқ. ~ Мына астындағы “Жигулиін” сатып алғанда, мысалы, жарияға жар салып, жарылып кете жаздады. О.Сәрс.