Posted in

ЖҰРТҚА ТАСТАП КЕТТІ

Керексіз қылды, лақтырып кетті, бөтенсіді, іргесін аулақ салды. ~ Бірақ ол да пенде. Аңқылдаған ақкөңіл Айдынбайдың іштен шыққан шұбар жыланы. Көзі жайнап тірі жүргенде, жұртқа тастап кетуге қайтып дәті шыдасын. Т.Рыск. ~ Жігітті жұртқа тастап кеткен ол қандай ерке болды екен? — деп егіз бала сүйреп келген екі келіншек балмұздақ жалап отырып майысып күлген болды. Қ.Ысқ. ~ Бекет сәкіден көңілсіз тұрды. Жаңғырық үшін жұртқа тастап кеткен жалғыз томардай шөкелеп қалған Асекең әлден уақытта барып ту сыртынан шыққан тықырға мойын бұрған. Қ.Ысқ.