Көздің жауын алып, жанығып тұр. ~ Жарма көттік қылып, қызыл-жасыл шарық жіппен иттіс шалып, сірісін қошқар мүйіздеп қойып, тақасын шоңқита қаза мінеп тастаған екен. Кебіс жұтынып тұр. Ж.Айм. ~ … кейбір құрбылары мұның, қаршадай кезінен-ақ жұтынып тұрған бейнесіне қызығатындарын еш жасырмады. Г.Сейт. ~ Езіп ішкен сынаптай Еріккеннің емісің. Жұмыр дүние жұмақтай Жұтынып тұр сен үшін! И.Сап.
