Ешкімге сүйкімі жоқ, адамдармен араласуы қиын, ұнамсыз адам туралы. ~ Аблановтар үш ағайынды болатын. Үлкені Ізбасар жұртқа жұғымы жоқ, жүгенсіз, даңғой, дарақы біреу еді. Уездегі орнына ісіп–кеуіп өзінен–өзі тасып жүретін. Б.Мом. ~ Тоқта, сабыр-сабыр. Бәлкім мына жұғымы жоқ, есерсоқ, арсыз… тағы мыңдаған жамандықты бойына жапсырған маскүнем доңыз тәлтіректеп келе жатып жай кіре салған шығар. Әйтпесе оны кім шақырады? Т.Сәу. ~ Ботабайдың Қиыр Шығыстағы “көмбесін” ашып алды, осындағы жағдайына да қанып келеді: өзі бұрынғыдай емес, ынжық болып алыпты, бір, бастықтармен жұғымы жоқ, екі, ондай қызметкерді ешкім бағалай қоймайды… Қ.Ысқ.
