Posted in

ЖҰҒЫМ БОЛМАДЫ (БОЛСЫН БА?)

Қанағат таптырмады. ~ Бір қозының етін бес-ақ асап қойғандай лезде жоқ еттік. Тіпті бар жегені жұмырына жұғым болмаған ба қалай, қайсы біреулері бауырсақты қымыздың ішіне салып жіберіп қашан шартиғанша қарындарын аяған жоқ. Ә.Әб. ~ Бірақ осы кеспенің екі порциясын ішсең де асқазанға жұғым болмайтыны рас. БАҚ. ~ Енді өз әкесінің аузынан естімегеннен кейін ел-жұрттан естіген азын-аулақ естеліктері бар. Бірақ ол жанға жұғым болсын ба?! БАҚ.