Posted in

ЖҰҚ БОЛМАЙДЫ

Ештеңеге жетпейді; қарын тойдырмайды; татымсыз. ~ Көкетай-ау, ол жабағы бұлт мына шақырайған күннің жұмырына жұқ болмайды ғой. М.Сүнд. ~ Ауыл деп, ауылды тойғыза аламыз ба? Жылқы сойып берсең де, жұқ болмайды, – деп Құлтума сіресті. О байғұстікі борыш-қарыштан қашқандық қой. Ж.Айм. ~ Ахан екеуміз қыз қарамаса да ішуге жарайды – ау деген соңғы көйлегімізді жеп тындық: Семейдің «Большевичка Украйнасының» инесінен шыққан жібек еді, жібегің де жұмырға жұқ болмайды екен. Қ.Ысқ.