Posted in

ЖӘЙ (ЖАЙ) СӨЗ

Мән беруге тұрмайтын, жорта айтыла салған сөз. ~ Соңғы тілегін алып, Үқімбай көңілін дауалап, үйіне қайтты. Ойланайын дегені жәй сөз, көнуі шексіз екенін сезіп кетті, өйткені, Рақила бауырына қысып, “жаным! ” деп, тамағынан қатты сүйіп еді. Ж.Айм. ~ Өмір – тұтас дүние. Жер–көл, дала–тау, өзен–мұхит, ауа, тал–дарақ… Сондықтан мәңгі. Қазақтың дүние жалған деп жүргені жәй сөз. Дүние жалған емес, адамның өзі жалған… Дүние өз қалпын сақтайды, бұзбайды ғой. Н.Дәу. ~ Былтыр «Тереңжарда» болғанымда қырман басындағылардан талай сөз жазып алғамын. Күллiсiн сiз шығарған екенсiз. Жә, бәрi жәй сөз ғой. Р.Рай. ~ Сонымен апам көшетін болды. «Көшеді» дегенім жай сөз, әйтпесе, Ақтамнан артынып-тартынып келген мол жүктен бұл күнде жұрнақ та қалмаған. Б.Тоғ.