Posted in

ЖӘУКЕН АЛСЫН

Дұшпан алғыр, жау алғыр д.м. ~ Ал енді атқа мін,— деді Еспер,— бұл күнге шек, жәукен алсын, мұндайды кім көріпті.— Ол ойына бірдеңе түсіп кеткендей үзеңгіге аяғын сала берген қызға бұрылды.— Онда сенің атың неге Күнбай? Б.Қыд. ~ Ойбай, жәукен алсын сені, сотталып кетесің,— деп әйелі көршісі Қашаған деген ағайындарына барады.— Басу айтыңдар, Большойға, сотталып тынады ғой. Б.Қыд.