Райынан қайтып, жөн сөзге құлақ асты. ~ Осы бір ауыз сөзбен ой- мақсатын жеткізіп, әрі көңілдегі бар түйткілді сейілтпек болған Құнанбай мырза есебінен жаңылмапты. Түсі суық Жапекең аталы сөзге дереу тоқталып, райынан қайтып, жөнге көшеді. Т.Жұрт. ~ Бөтен адам аяқ басуға болмайды. Қара тырнағыма дейін күйіп тұрсам, тәлкек қылмақсың- ау. Қандай найсап едің. Ояқ- бұяқта тап сендей, сен иттей найсап болмас! — Ақсақал, жөнге көшіңіз. Бұныңыз жарамайды. С.См. ~ Сүгір жаңағы Айша жауабынан кейін, қабатын қасқырдай тісі ақсия, қабағы тастай түйіле кеп: — Бар жауабың осы ма, жоқ жөнге көшемісің? — деді. М.Әу.
