Posted in

ЖӨНДЕМГЕ КЕЛДІ

Түзелді, реттелді, жөнге келді, икемделді. ~ Әлгі өзі тартқан күйді тартқызған. Бір емес, екі емес, әлденеше рет тартқызған. Бесін ауа мұның қолының жөндемге келгенін көріп, бас изеп жатқан. Кенет мұның шек қағып отырған қолын бауырына тартты. Ә.Кек. ~ Гүлә! Сен қырсықпай, маған жағдайыңды былай жөндеп түсіндірші, – деді анасы дегенмен баласына жаны ашып. Ерегескеннен ештеңе таппасын білген қызы да енді: – Апа, ол әлгі Қарагөз бәлесіне біржолата кетіп қалды, – деп жөндемге келді. С.Досж.