Дұрыс сөйле, аптығыңды бас, ақылға кел д.м. ~ Сүгірдің қатыны көзі тірісінде жатқа кетпейді, — дегенде дауысы дірілдеп қатая беріп: — сен мені бір рет жер қылдың… Енді тек жөніңе көш, болмаса сөз бұзылады… М.Әу. ~ Қазір кім сүрінбей, кім бүлінбей жатыр? Сөйтті екен деп баласын өзектен тепкен ешкімді көргенім жоқ. Сандырақтамай жөніңе көш. Қызы қайтып келген жалғыз сен емес. Бүкшигеніңді қой, еңсеңді тікте. Жұрттың көзіне тіктеп қара. О.Саб. ~ Әй, шырағым, ақымақ болмай жөніңе көш. Қайдағы ұрлық мал, қайдағы қалқоз дәулеті айтып отырғаның? Денің сау ма өзіңнің? Ж.Нәж.
