Posted in

ЖӨНІ (БІР) БӨЛЕК

Өзгеге ұқсамайды, өзіндік ерекшелігі бар, жолы басқа д.м. * Ал осы өлкенің бөлінбес бөлшегі, тіпті бір төлі сияқты болып кеткен Мерген үшін осынау өлкенің жөні бөлек. К.Сег. ~ Сен кеткеннен кейінгі өмірдің жөні бір бөлек те, өзіңмен бас қосып отырғандағы қызықтың орны бір бөлек,— деді Қаражан, тағы да көңілі босап. Б.Тоғ. * Екінші Оспан – маңайдағы колхоздардың тері-терсек, жүн-жұрқасын жинайтын агент. Сондықтан да оны әгінт Оспан дейді. Ал мына Оспанның жөні бір бөлек. С.Жүн. ~ Дала дәстүрінде жегжаттықтың жөні бөлек қой. С.Сан. ~ Әжемнің ашуы одан әрі аспайтын. Мұнысы кейде ашудан гөрі сүйсінуге ұқсап тұрушы еді. Ерке баланың жөні бөлек қой, шіркін! Анасының еркесі болғанға не жетсін! Б.Мом.

Салыстыруға келмейді д.м. ~ Қызыммен ренжісіп қалдым. Кәдімгі жүріп жүрген қызым. Бұл – бүгінгі сөз. Әдеби тілге, қазақы түсінікке салсақ – қалыңдық. Иә, болашақ жар. Қыбын тауып, қағып түсер, оңай жолығысып, қиналмай айырылысар жолбикелерден жөні бөлек, жолы үлкен. А.Нүс.