Біреудің жөн-жосықсыз әрекетіне налу, наразылық ретінде айтылады. * Гетенің “Фауст” кітабын ала сап парақтап, бұрын да пәленбай рет оқыған тұстарға қайыра көз жүгіртіп, аш күзенше бүгіліп отырғанына жөн болсын-ай! Д.Дос. * Бишара әйелді бетіне күле қараған еркектің бәрінен қызғанғаныңа жөн болсын? Ә.Нұрп. ~ Апа-ау, — деп сөзге араласты Шодыр, — үш ұлыңыз бірдей, анау қызыңыз Дәмелі де қызылдарға көмектесіп жүр, яғни Кеңес өкіметінің жағындасыздар, сіздің қорыққаныңызға жөн болсын. К.Қаз. * “Оу, міне, көрмейсіңдер ме, алтын асықтай қызымды қор қылғандарың жетпегендей, ендігі сөздеріне жөн болсын” … С.Жүн.
