Дәуірі өтті, жақсы күндері артта қалды. ~ Қышлақ сарттарының бейілін білген соң, ертерек бұлардың арасынан
шығып кетпекке қам қылдым. Бірақ көлік жоқ, ақшаға я салт ат, арба табылмай, жол бастауға жолдас шықпай
жаман қиналдым. Заманасы көшкен сарттар тым болмаса жөн сілтеп, қышлақтардың атын айтпай, жаяу
жүріп шаршап келгенде, таңдай жібітуге шай бермей, талай қорлықты көрсетті-ау. С.Сей.
