Posted in

ЗАМАНЫ БІР

Бір тарихи кезеңде өмір сүрген адамдар туралы. ~ Орынбасар. Бүгін түнде, әйтпесе, ертеңнен қалмай келеді деседі. Заманы бір тең құрбыңның көңіліне де қараңыз. Ғ.Мұст. ~ Заманы бірдің бәрі ұрпақ емес. Ұрпақта бауырмалдық, ынтымақтастық болуы керек. Т.Әс. ~ … жырда айтылатын Ақша ханның Дәулеткерей екені байқалады. Бірақ, Дәулеткерей мен Ер Тарғынның заманы бір емес. Ә.Марғ.