Posted in

ЗАПЫС БОЛДЫ

Беті қайтты, жүрегі шайлықты, қажыды. ~ «Е, еңбеккүн таппаймысың?!» десең, «сол еңбеккүніңді өзің-ақ ал, жарымағыр!»
деп есігін тарс жауып алады. Халық колхоздан күдер үзді, біз де айтудан запыс болдық. Б.Тоғ. ~ Күшіктерінен айрылып
запыс болған қаншық іннен алыс ұзамай төңіректеп, тышқаншылап жүрген. C.Жүн. ~ Біртіндеп кешегі оқиғалар есіне түсіп,
жұмыскерлер мінген көлік өтіп кетпеді ме екен деп, запыс болған қу жүрек суылдай жөнелді. Далаға атып шығып, төңірекке көз
тастады. Ш.Бейс.