Қорлық көрді; ығыры шықты. ~ Лақ қарғыса əйнектен, запы болған Күнікей, қолын созады шəйнекке. Ж.Айм. ~ Запы болған жұрт қыз-келіншектерін жүктің артына жасырып, жанталассын. К.Сег. ~ Қайғыдан көз ашпаған мына қырға,
Бәрі бір күлдің бе сен, жыладың ба. Тағдырлас құланменен қайран елім, Өзінің запы болған тұрағында. Ә.Тәң. ~ Барсақ отызыншы жылдардағы Қазақстан өкілдерінен (шолақ белсенділер қиянатынан) запы болған ел біздің де сұрақтарымызға состия қарап, сенімсіздік сыңай танытты. Х.Ерғ. ~ Расында, осынау шығармада қазақ халқының жанының тазалығы, досқа да, дұшпанға да ересен кеңдігі, кейде сол кеңдіктен қапы қалып, запы шегіп жүретіні әп-әдемі бейнеленген. Қ.Ерг.
