Әбден ығыр қылып, жанын жеген әлдебір жоқшылық, кемістік, қасырет хақында. ~ Бір замандар болғанда, Ауыр дәулет мал кетті. Жарлылықтың зары өтті. Халқы жарлы болған соң, Жігітінен әл кетті. Жап-жалаңаш жүрген соң, Әйелінен ар кетті. А.Байт. (“Ер Сайын”). ~ Әбден пәтердің зары өткендіктен бе, «үйіне кіргізіп алып пәле салатыннын өзі шығар» деп, қара аспанды суға алдырды. Б.Тоғ. ~ Баланың зары өткен Тобықбай күндердің бірінде әйеліне: – Мен үш айлық сапарға аңға шығам, қайтып келгенімше бала тапсаң таптың, таппасаң, сені қоя беріп, басқа әйел алам. Бала болғанда да ұл бала тауып бер! – депті де, сапарына кетіпті. ҚЕ. ~ Жерге су керек! Қуаңшылық зары әбден сүйектен өтіпті. Б.Тоғ.
