Жан даусы шығып жылады, зарын төкті. * Бір жағында кісі өлімі болып, оның жары (Бәтима) қара жамылып зар еңіреп отырса, бір жағында қолы қанданып Сұлтанбек істі болып жатса – олардан материал ала қою да оңайға түспес жазушыға. Қ.Ерг. * Артымда зар еңіреп оның әйел, бала-шағасы келеді. М.б.Т. * Әке-шешең сiз кеткен соң зар еңiредi, Не жұмысқа елiңнен шығып жүрсiң? БС. “Бозжігіт”
Шиледуді «үш өзенді кешіріп, үш асудан асырып, іздесе – ізі табылмастай етіп» қуған Есукей баһадүр «шашын жайып жіберіп, зар еңіреп отырған» Өлеуін-үжінді зорлықпен қатындыққа алады. Т.Жұрт.
