Көз жасы судай ақты; егіл-тегіл боп еңіреп жылады; қатты қайғырып, аһ ұрды; жалбарынды. * Жол бойы қаздың балапанындай тізілген алты баласы бар қытай қатын шашын жайып, зар илеп отыр екен. Ж.Шәк. * Ғашықтар жүр зар илеп, Дегеніне жете алмай, Көсемдер жүр уайым жеп, Соңына халқын ерте алмай. Сегіз Сері. * Əкесінің маңдай терімен салдырған үйі иесін танып зар жылап тұрып амандасқандай. С.Досж. * Үйіне үңірейіп келген үндеместерге де, зар жылаған зайыбына да Мағжан жақ ашып дәнеме демеді. Д.Досж. * Қыста соғымы мен сойысы, жазда сауыны мен мінісі бар, басыбайлы ешкім жоқ, еркімен жүріп, қалауымен қызмет атқарады, “таптық езгі” көрді, зар жылады дей алмаймын. М.Мағ. * Ол: «тағы ештеңе бітпеді ме?» деп зар қаққандай болды. Ә.Нұрш.
