Зәбір көрсетіп, ойран салды, зар жылатты. * Текті дегдар Шәкәрімнің сендіре баяндауынша, ұлт боп ұйып келе жатқан қазақ қауымының әр үш адамының екеуін қасым еткен, есіл жұртты «елім-айлатып» зар қақсатқан, «Алқакөлге апарып сұлатқан» – «Жоңғар хандығы» тарих сақнасына қайдан шыға келді, осы? Т.Жұрт. ~ Ауыл-ауылды аралап жүріп, қараша үйлі кедейлерді, елсіздерді зар қақсатты, сабады, тонады. М.Дәу. * Сыр бойындағы елді хиуалықтар зар қақсатып жүр екен, солардың сазайын беруге мәжбүр болдық! — деді Сегіз. Б.Тоғ. * Елді зар қақсатып жүрген сол бастаған сойқандар дейді ғой… Б.Тоғ.
