Posted in

ЗАР ҰРДЫ (ТҰТТЫ, ТӨКТІ)

Зар жылап, еңіреді, қайғы шекті. ~ Ел тұрды, ертең кемпір үйге кірді, Бала жазым болғанын іші білді. Зар ұрды, ойбай салды, не бітірсін, Тұра тұр, өзге жайын сұрама енді. Абай. ~ Жас төгіп жылағам жоқ. Ашу шақырып қарғыс та айтпадым. Ет-жүрегім езіліп, үнсіз зар тұттым. М.Мағ. ~ «Қара қағаздың» қайғысы жетектеп кеткен де. Жалғыз ұлдан айырылғалы ата-енесі де зар төгіп, шөгіп қалған. Р.От.