Posted in

ЗАУҚЫ СОҚПАДЫ (ШАППАДЫ)

Көңілі болмады. ~ Клещовтың ішуге зауқы соқпап еді, тек өзіне керек адамдай көрінген Құндақбайдың көңілін жықпауды ойлап, «атасының асын» бұл да өңешіне қарай бір-ақ төңкерді. Ұ.Дос. ~ Осыдан кейін Мұрат қайтып әңгіме бастаған жоқ. Қайта бағанадан бергіні бекер айттым ба дегендей, қабағы тұнжырап, түнеріп үндемей қалды. Менің де әңгімеге зауқым соқпады. Т.Әбд. ~ Осы күн ол ешқайда шыққан жоқ, тамаққа да зауқы соқпады. О.Бөк.

Көңілі соқпады, ықылыасы болмады.~ Оқуға зауқы шаппады. Өзін-өзі қаншама зорлағанмен, ойы мүлде басқа жаққа бура береді. М.Мақ. ~ Еш нәрсеге зауқың шаппайды, еш нәрсе қызықтырмай дел– сал, басың ауған жаққа қаңғи бергің келеді, етбетіңнен түсіп сұлық жатып алғың келеді. О.Бөк.