Еңбегі ақталмады, еш болды, босқа кетті. ~ Күні бойы ақтарғанда өздерінің де бастары айналатын шығар. Қаншама уақыттары зая кетті десеңші. С.Жүн. ~ Таңқыбаймен ала жаздай суға таласып жүріп, талай алтын уақыты зая кеткенін іші сезеді. О.Сәрс. ~ Айыржап екеуіміз бір-бірімізге күйзеле қарастық. Бір апталық жапалы үгітіміз зая кеткендей. Қ.Шабд. ~ Ештеңенің пайдасы жоқ, бәрі бекер болды. ~ Амал не, еткен ем, оқыған дұға – бірі дарымады, бәрі зая шықты. Ж.Нәж. ~ Марғуаның жаңғырған жады сондағы көрген кептерін жіпке тізгендей, қаз-қалпында көз алдына алып келгені. Рәсуа болған жастық. Күнкөрістің қамымен ертеден күні кешке дейін тепеңдеген қара жұмыс. Зая кеткен қайран жылдар!.. Оның сұрауы кімнен? Обалы кімге? Ш.Құм.
