Posted in

ЗАҢҒА ТОМПАҚ

Заңға қарсы келетін әрекет. ~ Жауқазын мен Жібекті Сегізбай көшенің арғы бетінде басқа үйге шығарыпты. Бұнда жас тоқалы екеуі қалыпты. Бұл тек заңға томпақ келмес үшін сөз жүзінде бөлектену. Ал іс жүзінде олай емес. Б.Соқп. ~ Бәріміз де заңға бағынамыз. Сондағы айтайын дегенім, біреудің мүлкін қорқытып тартып алу – заңға томпақ келеді. А.Жақс. ~ Жорға атанған тарихшы Бәтима апай басшысының ашығы бар, астыртыны бар, заңға томпақ келетіні бар, келмейтіні бар, барлық әрекеттерін жайбағыстап, мектептің беделі, шәкірттердің келешегі үшін жасалып жатқан ұлы қайраткерлікке айналдырады. Е.Әл.