Зәрленді, ашу шақырды, кәрін төкті. ~ Адамның миына жала жаппа! – деді мұғалім ышқынып, Жолдасбекке заһар шаша қарап. – Әркімнің құдайы адамның басында. Ш.Мұр. ~ Әрі-бері зікір салып басыла бергенімізде, бақсы дік етіп ортамызға тұра қалды да, бет-аузын қисаңдатып, ышқынып айқай салды: − Ақ сөйлеңдер, жамағат! Арам ойлы адамды таппай қойман сірә да… Зияндасты ашармын, заһарымды шашармын. С.Ом. ~ Ёмое, ақ перiштем-ай! – Старшина iшiн басып сықылықтап өтiрiк күлген болды. – Өзiң де “дәм” таттың емес пе! Бiзден қалған “итаяқты” жалаған кiм екен, хахаха! – Айызы қанып, заһарын төге әжуалады. Т.Сәу.
