Мәдениет, ғылым, білім, саясат қайраткерлері; қоғамның озық ойлы, парасатты бөлігі. ~ Мынаның түп көздегені − қазақтың маңдайалды оқымыстыларын құрықтаудың бисмилләсі, соңында осы науат зиялы қауымды түгел шалады, бірінші хатшыға осы қатерді алдын-ала ескерту керек!.. М.Сәр. ~ «Түбінде билікті солар ала ма деген қауіп бар, егер өкімет большевиктердің қолына тисе сен де, мен де, күллі бай-болыс, зиялы қауым – түгел құримыз» деген еді. Б.Тоғ. ~ Қазақстанның шығысында Семей қандай болса, батысында Орынбор да сондай қала. Зиялы қауымның жиналып, топтасқан жері. А.Жақс.
