Posted in

ЗИЯН САЛДЫ

Нұқсан келтірді, кесірін тигізді. ~ Қашу бекер ғой. Қашып жүріп күн көре ала ма? — Әркімге жан керек. Біреудің отына біреу күйе ме? Имақандікі ақымақтық. Оның кесірінен ауылына да зиян салып отыр,— деді біреу. Ж.Айм. ~ Олар енді не болды? — Олар бұ күнде ұсталды. Бірақ көп алыстық. Елге көп зиян салды. Ақтар қару-жарақ жинамақ болып, елге әтрет алып шығып: ел шауып, кісі атып, көп қырғын қылды. Ж.Айм.