Posted in

ЗИЯН ШЕКТІ (ТАРТТЫ)

Шығынға ұшырады, зардап көрді. ~ Ол оқиғаны осында жыр ғып жібердіңдер ғой. Не зиян шектің? Малыбайдың сабырлылығының арқасында үйің жығусыз тұрды. К.Қаз. Б.Май. ~ Пікір айтуды әрқашанғымызша Айбақ Шоқа бастады. Ол бүкіл жер бетін шарпыған экономикалық дағдарыстың себеп-салдарын тамаша талдап айтып, біздің партиямыздың одан зиян шекпегенін қуана мәлімдеп, менің рөлімді жете бағалап, мені Қытай Халық Республикасын дамытып кеткен Дэн Сяопинге теңеді. Ғ.Қаб. ~ Наймандар жағы жәрмеңкеге малды көп апарса керек, наймандарға малының көптігінен базар нарқы бұзылып кеткеніне наразы болған басқа рулар: «сауда нарқын мұрындар бұзып жіберді, малымызды күйдіріп барады, зиян тарттық, зиян-зиян» деп шу көтереді. Ғ.Біл.