Ызаға булықты, ашу қысты, кектенді. ~… күзеген кек байталмен қалықтап келе жаткан Күнікейдің зығыры қайнайды. Тақымды бір қысып, қамшыны бір басып, шаба жөнелгісі келеді де -талабы тас болады. Күнекей азуын шайнайды. Ж.Айм. ~ …мал-жандары, қора-қопсысы, барлық мүлкі ақтардың қолында қалып, жазғытұрым желігетін қасқырдай зығырлары қайнап, мұжықтар қостарының ішінде жатып, даланы ойлайтын, Ертісті сағынатын. М.Жұм. ~ Үшінші көз тамшысы, көз тамшысы емес, көзінің жиегін сызаттаған сорасы – зығырданы қайнаған бейдауа ызаның құрғақ тамшысының сорасы еді. Т.Жұрт. ~ Жығылған үстіне жұдырық – зығырданымды қайнатқан Сұлтанның қылығына мынау қосымша болды. Қара жаяу қалды деген осы. Б.Соқ.
