Posted in

ЗЫҚЫСЫН АЛДЫ (ШЫҒАРДЫ)

Ығырын кетірді, мезі қылды. ~ Ала жаздай кенезесі кеуіп, жалғыз тамшы тамбай тандырланған сараң көктің көбесі сөгіліп кеткендей толассыз сорғалауы күзеуге жаңадан ғана келіп қонған Омардың зықысын әбден алып еді. О.Бөк. ~ … сағынып көріскен қардың аяғы, үлкен жұтқа айналмаса неғылсын: елді де, жан- жануарды да әбден зықысын шығарып, мезі еткені рас еді. О.Бөк.