Салмағы тым ауыр. ~ Мінайдардың үстіндегі зіл көтерем шидем күпі әлденеге жеңіл тартып бара жатқан сияқтанды. Денесі бір ысып, бір суығандай болды. Б.Майл. ~ Балқия үйіне жетсе де, ішіне кіре алмай тәлтіректеп барып босағаға отыра кетті, иығындағы зіл көтерем күрегі де ұшып түсті. Ә.Әб.
- Ауыртпалығы батпандай, кесірі мол. ~ Қилы заманнан бергі зіл көтерем қайғы, қасіретке мойымай, тар кезеңде талықсыса да ұлылықтардың өшпес ойын жеткізетіндердің бірегейі Жақановтың босағасының бұрышына ұясын салған құстың киесін біреу түсінер, кейбірі түсінбес. Т.Құлияс.
