Posted in

ЗІЛ ҚАРА ТАСТАЙ

Батпандай ауыр; көтере алмастай ауырлық, шер.. ~ Ақбілегін жақсы көргені, аяғаны, қызғанғаны, өкінгені, жиренгені, қорланғаны бәрі араласып, ақсақалдың жүрегіне зіл қара тастай бір бітеу жара пайда болған еді? Ж.Айм. ~ Кеудеде зіл қара тас бар. Зіл қаратас дерт меңдеткен ауруы емес, жүйе- жүйкесін сенделткен шер- шемені. C.См. ~ Жілік – жілігіне, жамбасына қорғасын құйып тастағандай бойы зіл қара тас тартады. Мұрны шуылдаған сары қыздың ыстық лебі де жібіте алар емес. Қ.Ысқ. ~ Әйтеуір, тілеуің бергір, біреу басымның жарылған жерін қол орамалмен таңып кетіпті. Денем зіл қара тас, көтертпейді. Б.Тоғ.