Үрейі ұшты, қатты қорықты. ~ Түсі бұзылып, ашуланып: “Сендерге жер сатқызған мен емес, жерді жеткізе алмастарың бар, неге саттыңдар? Беретін ақшам жоқ, тарт!”— деп ақырын, зәре құты қалмай тұрған жазғанның бұрынғыдан жаман зәресін алып қоя берді. Б.Майл. ~ Не болатынын шамалап сезіп, соны ертерек көргісі келсе де, беймәлім дүниеден зәре-құты қалмай тыпырлады… Н.Дәут. ~ Су Құсайынның тырп етерге мұршасы жоқ, зәре-құты қалмай жүрегі алқымына тығылды. С.Жүн. ~ Әрине, Ақшаловты көргенде, мен де осындай күйге жетеді екенмін деп зәре-құтым қашты. І.Ес. ~Алдыңа келген адамға осылай қарасаң зәре-құты ұшып қорықпағанмен, өзінен-өзі қуыстанып, қаралай діңкесі құриды. Ә.Кек.
