Posted in

ЗӘРЕ ҚҰТЫ ҚАЛМАДЫ (ҚАШТЫ)

Қатты қорқып, есі шықты. ~ … жезқармақша майысып, сорғалап келе жатқан мұндай нән қармақты көргенде тереңдегі
балықтардың да зәре құты қалмай, шошығаннан шалбарларын дымдап қоятын шығар. М.Қаб. ~ Иса ерегіскендей сол бір
жапырақ тақтайдың үстінде тік тұрып, домбыраны аспанға сермеп, бұлғай, желкесіне қойып, одан соң аяғының арасынан
өткізіп, құйқылжыта тартқанда «мына байғұс сол қимылмен жаза басып, құлап өледі-ау» деп, жігіттердің зәре құты қалмады.
А.Жақс. ~ Зәре құтым қалмай, шешемнің сөзін бөлместен бар айтқанын үнсіз тыңдап шықтым. Қ.Тіл. ~ Қарт
қыранның қолынан ол да келуі мүмкін. Бірақ ақ берен киіп, семсер асынып, соғысқа тікелей араласпағанымен, күрес көрігін
қыздырып, отаршылардың зәре- құтын қашырып, берекесін кетіріп жүрген қаһарман ұлдарына ақыл-кеңес беріп, жол-жоба
көрсетіп, қажет жерінде басшылық жасап отырғанын жоққа шығаруға болмас. C.Ақт.