Posted in

ЗӘР-ИМАНЫ КЕТТІ (ҰШТЫ)

Қатты қорықты, зәресі қалмады. ~ Әбжалдың есі шықты. Ақатайға әйелінің Досмағанбетпен әмпей болғанын айтып қойып еді, соны естіп келіп тұр ма деп зәр-иманы кеткен. Амал жоқ тұрып, шам жаққызды. Н.Дәут. ~ Нәзия ешқашан да үміт отын сездірмеді. Еркіннің өзі ғана өз қиялына еріп, оны құшты, сүйді… күйді. Нәзия керісінше, «Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада жатамыз…» деп жазғандарын оқығанда – бұның махаббатынан зәр иманы ұшатын-ды. З.Төл.