Posted in

ЗӘТТЕ БОЛДЫ

Әбден запы болды. ~ Кеңес Одағы дәуірінде қуғын мен айдаудан, нақақ жаладан әбден зәресі ұшып, зәтте болғаны сондай, зиялы қауым Отан тарихы, этнология, түркологиямен шұғылданудан жасқанып тайсақтайтын еді. Д.Қыд. ~ Өңі қуқыл. Ажары сондай сынық. Көз болаты да жасық. Таяқтан әбден зәтте болып, қол көтерсең « ағатайлап « жата кететін жетім бала сияқты жапақтап қарайды. Көзіне тіктеп қарай қалсаң, жанары түйілісе бере-ақ кірпігін тез-тез қағып, көзін тайдырып ала қояды. Ж.Сәм.