Posted in

ИБА САҚТАДЫ

Әдептен озбады, сыпайылық сақтады. ~ Бәймен иба сақтап, ұйқыдағы қонақты оятқан жоқ. О.Сәрс. ~ Русактың бұл емеуіріні Венераның қытығына тие бастады, бірақ иба сақтап өзін-өзі тежеп: — Ол біздің үйде тұратын еді, — дей салды. Ә.Әб. ~ Жаңа түскен келін атасының сырына қанық емес-ті. Үлкен адамның үйдің ішінде байыз таппай олай-бұлай жүргеніне іштей таң қалса да, қазақ қызы ғой, иба сақтап тіс жармады. А.Кең.